19 қыркүйек 2018 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Түркістан облысы бойынша өкіл имам Наурызбай қажы Тағанұлы Келес ауданында арнайы сапарда болып, аудан әкімі Есбаев Ақментай Үсенұлымен жеке кездесу өткізіп, Келес ауданының құрылуымен құттықтады.
Іс-сапар барысында Келес ауданының әкімдік ғимаратының Мәжіліс залында наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, аудан әкімі Ақментай Үсенұлы және Ішкі саясат басқармасының өкілдері, ауданның зиялы қауымдары, ардагерлері, төбе билері, БАҚ өкілдері қатысқан «Ақсақалы бар ел қазыналы ел» атты кездесу болып өтті.
Одан соң наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Келес ауданы №13 колледжінде болып, тыныс-тіршілігімен танысып, колледж директоры Еген Алдияровпен және ұстаздарымен, шәкірттерімен кездесті.
Жиын соңында Наурызбай қажы Тағанұлына шәкірттерге ақжол тілеп, бата берді.
Кезекті кездесуде наиб мүфти Келес ауданының орталығы Абай ауылы «Ешан баба» мешітінің жамағатымен кездесіп, бесін намазынан соң «Ынтымақ, бірлік», «Тыныштықтың қадірін білу», «Ағымдардың алдын алу» тақырыптарында уағыз-насихат айтты.
Сонымен қатар, наиф мүфти бас болып облыстық наиб имамдар С.Моллатілеуұлы, Ж.Тәжімұратұлы, іс басқарушы М.Қалжанұлы, БАҚ өкілдері, Келес ауданы орталық мешітінде бас имам А.Садықовтың ұйымдастыруымен «Ешан баба» мешітінде имамдар семинарын өткізді.
Наиб мүфти алдағы уақытта атқаруға біршама нақты тапсырмалар берілді. Наиб мүфти Наурызбай қажы Келес ауданының бас имамы А.Садықовқа атқарып отырған қызметіне өз ризашылығын білдіріп, алғыс айтты. Кемшіліктерді жақын уақытта жою туралы нақты тапсырма берді.
Пікірлер