
Әлемдік қаржы БанкіНигердегі үш аймақта тұрып жатқан босқындарға 80 млн доллар бөлетінін мәлімдеді.
Қаржы Банкінің Нигердегі өкілі:
«Босқындар мен оларды қабылдаушы мемлекеттерді қолдау бағдарламасы аясында Нигердегі Диффа, Тахоа және Тиллабери аймағындағы босқындарға, сонымен бірге оларды қарсы алып, орналастырған жандарға 80 млн доллар көлемінде көмек қаржысы бөлінеді»,- дейді.
БҰҰ-ның босқындар ісі комиссариатының өкілі Морелли бұл жәрдем зорлықпен жер аударылған жандар үшін үлкен көмек екендігін айтып өтті. Әлемдік Банктің мәлімдеуінше саяси дағдарыстың себебінен Нигердегі босқындар саны 280 000 адамға жеткен.
Пікірлер