
Солтүстік Қазақстан облысындағы "Қызылжар" орталық мешітінің қолдауымен 20- мөлтек ауданындағы жаңа ашылған мешітте "Әжелер мектебінің" ұйымдастыруымен "Рухани түлеу – мақсатымыз" атты форум өтті.
Аталмыш форум "Әжелер мектебінің" ұйымдастыруымен екінші мәрте өтіп отыр. Форумға КМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, "Қызылжар" орталық мешітінің бас имамы Кенжетай Байкемелұлы, облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Б.Сағындықов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Есмақұлы, зиялы қауым, облыстық, аудандық аналар кеңесінің мүшелері, қалалық білім беру мекемелерінің басшылары, ұстаздар және мешіт жамағаты қатысты.
«Әжелер мектебінің» төрайымы Ырысжамал Әбенқызы форумның басты мақсатымен таныстырып, "Әжелер мектебі" ұжымының атқарып жатқан жұмыстарын атап өтті. Жиын соңында алдағы уақытта әлі де осындай мәртебесі мен мазмұны маңызды жиындарды атқару мақсатында облыстық ардегерлер кеңесі, облыстық аналар кеңесі және әжелер мектебі үшжақты меморандумға қол қойылып, соңынан әжелер мектебі атынан белсенді мүшелеріне ескерткіш сыйлықтар табысталды.
Пікірлер