Мешіт қызметкерлерінің белсенділігін арттыру және мешіт ісін жандандыру мақсатында, үстіміздегі жылдың қыркүйек-қазан айларында, Алматы қаласы бойынша көшпелі жиналыс өткізу жоспарланған болатын. Соған орай, кезекті көшпелі жиналыс Жетісу ауданында өз жалғасын тауып отыр.
Жиын Жетісу ауданы «Әли-Мұхаммед» мешітінде өтті. Бұл басқосуға Алматы Орталық мешітінің Бас имамы Еркінбек қари Керімбекұлы мен Орталық мешіттің арнаулы қызметкерлері және Жетісу ауданы мешіттернің бас имамдары, наиб имамдары, іс басқарушылары және азаншылары қатысты.
Көшпелі жиналыста бас имам ағымдағы жылда атқарылған істердің бір парасына тоқталып, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің игі бастамаларын қолдау беріп жүрген дін қызметкерлеріне үлкен алғысын білдірді. Сондай-ақ, алдағы уақытта атқарылуға тиісті жоспарлардың да жай-жапсарын түсіндірді.
«Әл-Мадина» мешітінің бас имамы Көптілеуов Бақытжан, «Амин» мешітінің наиб имамы Нұрмахамбетов Парахат мешіттерің тыныс-тіршілігімен таныстырып, наиб имамдардың жауапкершілігі туралы баяндама оқыды.
Ал Орталық мешітінің бас ұстазы Сапанов Талғат №1, №2 хаттамаларда берілген тапсырмалар бойынша аудан мешіттерінің атқарған жұмыстары негізінде сараптамалық баяндама жасады.
Жиында мешіт имамдарының жауапкершілік қызметін арттыру, этикалық ұстанымын айқындау және тұлғалық келбетін қалыптастыру, мешіттің ішкі-сыртқы тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ағартушылық және шаруашылық жұмыстарын жандандыру сынды мәселелер тілге тиек етілді.
Пікірлер