Нұр-Мүбарак университетінің студенттерінің ең үздіктері ҚР Президентінің стипендиясының иегері атанды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің ҚР Президентінің стипендиясын 2018 жылы жоғары оқу орындарының арасында бөлу туралы» №148 бұйрығына сай исламтану бөлімінің студенттері: Талғат Демесбай, Гүлжазира Ақназаровалар президенттік стипендиант атанды.
Оқу үлгерімдері 4 семестр бойы барлық пәндерден «өте жақсы» (А,А-) болған және университеттің қоғамдық жұмыстарына, мәдени өміріне белсене араласу сынды қабілеттеріне қарай жоғары бағаланып, университет басшылығының шешімімен президенттік стипендияға ұсынылған болатын.
- Бұл біз үшін үлкен жауапкершілік. Университеттің бізге сенім артып, осындай дәрежеге ұсыныпты, нәтижесінде қуанышқа кенеліп жатырмыз. Жаңа оқу жылында бұл жаңа серпіліс болғаны рас, – деді студент әрі университеттің Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Талғат Демесбай.
Университет проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев білім мен университет өмірінде оза шапқан қос студентті жетістіктерімен құттықтап, алдағы уақытта әрдайым мерейлері үстем түсуіне тілектестік білдірді.
Пікірлер