Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ МҮФТИЛЕРІ ОРТАҚ МЕМОРАНДУМ ҚАБЫЛДАДЫ (ФОТО)
19 қыркүйек, 2018 жыл 127 Басып шығару нұсқасы

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Орталық Азия елдерінің мүфтилері ортақ меморандум қабылдады.

Меморандумға қол қою рәсіміне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфти Османхан қажы Алимов, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфти Мақсатбек қажы Тоқтамысов, Тәжікстан Республикасының Ғұламалар кеңесінің төрағасы, мүфти Саидмукаррам Абдукодирзода қатысты.

Қабылданған құжатта Орталық Азияда діни мерекелерді (ораза, құрбан айт) бір күнге белгілеу, ортаазиялық діни мектепті жаңғырту, ортақ салттар мен дәстүрлі жоралғыларды дамыту, діни экстремизм мен терроризмді алдын алу, адамгершілік құндылықтарды насихаттау, тарихи ортақ нысандарға зиярат жасау, діни кітаптарды аудару, т.б. бағыттар бойынша ықпалдасып қызмет ету көзделген. 

Мүфтилер осы бағыттар бойынша өзара ықпалдасып қызмет етуге уағдаласты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары