Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Алматыдағы Медеуде дәстүрлі "Баспалдақ" жарысы өтеді
19 қыркүйек, 2018 жыл 173 Басып шығару нұсқасы

Қыркүйектің 23-і күні "Медеу" шатқалындағы селден қорғау бөгетінде "Спорттық Алматы" бағдарламасы аясында дәстүрлі "Баспалдақ-2018" бұқаралық жүгіру жарысы өтеді, деп хабарлайды BNews.kz ақпараттық және спорттық ХАБ-қа сілтеме жасап.

Жарысқа 7 жастан асқан кез келген әуесқойлар, сонымен қатар, медициналық рұқсат қағазымен отбасылық командалар қатыса алады. Ең жас және ересек спортшылар (7-12 жас аралығындағы балалар және 60-тен асқандар) 100 баспалдақты бағындыруға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, қатысушылар 100, 200, 300, 500 және 841 баспалдақпен жүгіруден бақ сынайды.

Спорттық шара салтанатты ашылу рәсімінен кейін сағат 10:15-те басталып, әр жас санаты бойынша 10-15 адамнан белгілі бір уақытта жіберіледі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына осы жылғы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" деп аталатын Жолдауында қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейтуге баса назар аударған болатын.

"Саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керек", - деп тапсырды Елбасы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер үздік нәтижелер бойынша, барлық жас ерекшеліктеріне байланысты анықтылатын болады. Олар медаль және дипломдармен марапатталады, ал белсенді қатысушыларға жарыс ұйымдастырушылары мен серіктестері атынан сыйлықтар табысталады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш спорттық шараға қатысу тегін. Тіркелу сол жерде сағат 08:00-ден басталады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары