
ҚМДБ жариялаған «Ислам және отбасы» жылы аясында және республикалық Отбасы күніне орай облыстық «Руханият» мұражайында «Отбасы – имандылық ұясы» атты рухани кездесу өткізілді. Облыстағы жастар ісі секторының өкілі және мұражай ұжымы бірлесе ұйымдастырған шараға студенттер жастар қатысты.
Шара барысында ҚМДБ-ның «Насихат және қоғаммен байланыс» бөліміне қарасты жастар ісі секторының облыстағы өкілі Асылхан Темірханов отбасындағы ер мен әйелдің, ата-ананың бала алдындағы міндеттеріне ислам тұрғысынан түсінік берді. «Руханият» мұражайының директоры жастармен ой бөлісті. Отбасындағы ұрыс-керіс, жанжалдың бала психологиясына әсер етуі, ажырасудың қоғамға тигізер зардабы туралы мәліметтер берілді. Кездесуге биылғы «Мерейлі отбасы» облыстық байқауында І жүлделі орынды жеңіп алған Қабденовтар жанұясы да қатысып, жастарға өнеге толы тәлімін айтты
Кездесуге барлығы 30 адам қатысты.
Пікірлер