
Жетісу өңірінің орталығынан бастау алған «Рухани жаңғыру» керуені бүгін Алакөл, Ақсу аудандарында болып мемлекетік қызметтегі жас мамандар мен жергілікті халықпен, мешіт жамағаттарымен кездесулер өткізді.
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігі тарапынан жергілікті жердің діни ахуалымен танысып, Ислам құндылықтарын дәріптеп және деструктивті діни ағымдарға қарсы күресу аясында семинар жүргізіп, баяндама жасаған орталық «Иман» мешітінің наиб имамы Даутов Керімбек халықтың оң бағасын алды.
Елбасының бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылып жатқан бұл игі шаралар әр азаматтың туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, тарихын құрметтеп, діні мен ділі жайындағы таным-түсініктерін молайтып, жалпы рухани сананы жаңғыртуды көздейді. Жалпы 2 айдан астам уақытқа созылатын бұл керуеннің II-бағыты ертең Сарқан ауданына жол тартады. Алдағы уақытта Таразға барып, тәжірибие алмасу жоспарлануда.
Пікірлер