Мысыр елінің үрдісі бойынша жоғары мектепті ең үздік біріген түлектерін мемлекет жыл сайын әлем елдеріне тегін саяхат жасатады. Осы үрдіс бойынша биыл Қазақстанға 15 студент арнайы келді. Қазақстандағы Мысыр Араб рсепубликасы елшілігінің Мысыр мәдени орталығының директоры, атташе, доктор Хамдан Ибраһимнің айтуынша 56 жыл ішінде мысырлық жоғары мектептің үздік түлектері Шығыс елдеріне алғаш рет келген:
- Мысырдағы Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Арман Исағалиевтің ұсынысымен биылғы әл-Азһар жоғары мектебінің үздік түлектер тобы қазақ еліне келді. Бұл жарты ғасырдан астам уақытта Шығыс елдеріне жасалған алғашқы сапар. Себебі осыған дейін МЖМ үздік түлектер тобы Еуропа елдеріне сапар шегетін,- деді.
Он күнге жоспарланған үздік түлектер сапарын мысырлық мемлекеттік «әл-Жумһурия» басылымы демеушілік жасайды екен. Сондықтан делегаттар тобында 12 газет тілшілері тағы бар.
Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев келген қонақтарды университет тарихы, тыныс-тіршілігімен таныстырды. Делегаттарды әлемге әйгілі әл-Азһар университетімен әріптес жоғары оқу орнының алыстағы шығыс елдерінде, Орта Азияда бой көтеруі ерекше елең еткізді. Проректор Қайрат Құрманбаев сұрақтарға жауап бере отырып, оқу бағдарламасы, студенттердің білім алу ерекшеліктеріне қатысты түсйткілдердің барлығын жіті түсіндірді. Бұл мысырлық қонақтарды ерекше қызықтыра түсті. Кездесу соңында барлығы естелік суреттерге түсіп, ізгі лебіздерін жаудырды.
Пікірлер