
Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков Жаңаөзен қалалық мешітке арнайы барып, шам намазынан кейін жамағатқа уағыз айтты. Уағыз «Пайғамбарымыздың ﷺ соңғы сәті» тақырыбында айтылды. Жалпы мұсылман қауымы ардақты Пайғамбарымыздың дүниеге келгенін, қанша жас өмір сүргенін азды көпті білгенімен Пайғамбарымыздың ﷺ соңғы сәті жайында мәліметтері аз.
Уағыз барысында Пайғамбарымыздың ﷺ соңғы қажылығы, қоштасу құтпасы, науқастануы мен қайтыс болуы кеңінен айтылды. Сонымен қатар6 Алла Елшісінің ﷺ жаназасы мен жерленуі жайында толыққанды айтып өтті.
Пікірлер