ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінің «Әйел-қыздар ісі» секторының ұйымдастыруымен орталық «Иман» мешітінде «Ислам құндылықтары мен қазақи дәстүрдің ұштастығы» деген тақырыпта әйел жамағатына семинар өтті. Оқыту семинарын ҚР білім беру ісінің үздігі, ұстаз Бегімханова Фарида Жұпанқызы жүргізді.
Семинардың мақсаты Ислам құндылықтарды негізінде дәстүрімізді ұштастырып, әйел жамағаты арқылы бабаларымыздың рухани байлығын болашақта ел билейтін ұрпаққа сіңіру. Ұлтжандылыққа баулу арқылы өз халқын, дінін, ділін, тәуелсіздігін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғалардың тәрбиеленуіне жол ашу.
Семинар барысында Фарида Жұпанқызы тарапынан ұтымды ойлар айтылып, жамағатпен сұрақ-жауап алмасты.
Пікірлер