Жылдың басында ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінде «Ақшамнан кейінгі жүздесу» деген айдармен белгілі ұстаз-ғалымдарды шақырып, жамағаттың білім деңгейін көтеру алға қойылған болатын. Айдардың кезекті қонағы белгілі жас ғалым, исламтанушы Асқар Әкімханов болды. Орталық «Иман» мешітінде жетісулық жамағатпен жүздесіп, уағыз-айтты. ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілі Ардақ Нүсіпханұлы Асқар ұстазға жамағат атынан ризашылығын білдіріп, қызметіне сәттілік тіледі.
Пікірлер