
ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі әлеуметтік мекемелердің картасын жасап, сол бойынша оларға ай сайын көмек көрсетіп келе жатыр. Осы бағытта тағы бір игі іс атқаралды.
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінен Глубокое ауданы, Белоусовка кентінде орналасқан «Өмірлік адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған» мекемесіне қайырымдылық жасалды. Көп жағдайда әлеуметтік мекемелерде орналасқан адамдар қоғам назарынан тыс қалып жатады десек, олардың хал-жағдайымен танысып, көмек көрсету шындығында да үлкен бастама.
«Біз облыстық мешіттен осы мекемеге бір тоннаға жуық ұнның көмегін жасап отырмыз. Игілікті іс алдағы уақытта да өз жалғасын тауып отыратын болады»,- дейді Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Дәулет Қабидолдин.
Қайырымдылық көмегін қабылдап алған мекеме қызметкерлері осынау игі іске шынайы ниетпен алыс білдірді.
Пікірлер