Бүгін Сыр өңіріндегі өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы Нұр-Мүбарак университетінде білім алып жатқан Қызылордалық шәкірттермен жүздесіп, жағдайларымен танысып қайтты.
Кездесу барысында өкіл имам университет проректоры Қ.Құрманбаев мырзаны жаңа қызметімен құттықтап, табыс тіледі. Сонымен қатар, Қызылорда облысының әкімі Қ.Елеуұлының шәкірттерге көрсетіп жатқан көмегін ерекше атап өтті.
Кездесу соңында студенттермен тығыз байланыс орнату мақсатында whatsApp мессенджерінде ортақ чат ашылды. Шәкірттер өкіл имамға талап-тілектерін жеткізіп, арнайы келіп қолдау білдіргеніне алғыстарын айтты.
Кезекті іс-сапары барысында Болатбек Ұласқанұлы «Әбу Ханифа» атындағы ғылыми-зерттеу орталығының директоры Ш.Керім мырзамен жүздесіп, болашақта имамдардың біліктілігі мен білімін арттыру мақсатында орталықпен бірлесе жұмыс жасауға уағдаласты.
Пікірлер