
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қасиетті жұма күні белгілі дінтанушы, ҚМДБ жанындағы РАНТ мүшесі, Кентау қаласындағы «Балаби қари» қарилар медресесінің директоры Арман Қуанышбаевты қабылдады.
Жаңадан ашылғалы тұрған Кентау қаласындағы «Балаби қари» қарилық орталығының директоры болып тағайындалуымен құттықтады.
Белгілі дінтанушы Арман Қуанышбаев Түркістан облысы орталық «Түркістан-Қожа Ахмет Яссауи» мешітінде жамағатқа «Исламдағы туыстық қарым-қатынас» тақырыбында әсерлі уағыз айтты. Халық өз ризашылықтарын білдіріп, ұйымдастырушы қауымға алғыстарын айтты.
Пікірлер