Дінімізде «Тазалық-иманның жартысы» деген пайғамбарымыздың ﷺ хадисі бар. ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі өңір бойынша барлық мешіттерге «Тазалық айлығын» жариялады.
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Дәулет Қабидолдин:
«Ауылдық, аудандық, қалалық мешіттердің сыртқы тазалығы аса маңызды. Мешіттің айналасы таза болса келуші жамағатқа да қолайлы болады. Сонымен қатар, мешіттер өз аула тазалығымен, сыртқы көркемдігімен басқаларға үлгі көрсетуі тиіс. Мешіт көрікті көрінсе сол көше, сол ауыл әсем болып тұрады» деп атап өтті.
Тазалық айлығы 15 қыркүйек пен 13 қазан аралығында жалғасып, әр сенбі сайын мешіттер өз ауласына тазалап, сенбіліктер өткізеді деп жоспарланып отыр. Өскемен аймағына қарасты ауылдық, аудандық, қалалық мешіттер тазалық айлығын бастап кетті.
Пікірлер