Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Нұр-Мүбарак студенттерін сыйлыққа көмген «Қала күні»
16 қыркүйек, 2018 жыл 201 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті жұма күні Нұр-Мүбарак университеті «Қала күні» студенттер мен Жұма намазына келген мешіт жамағатына қуаныш сыйлады. Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен 1002 жыл тарихы бар шаһар мерекесінде түрлі спорттық ойындар: қошқар көтеру, бағанаға шығу, асық ату, бұқа тартыс, доп тебу т.б. көптеген спорт жарыстары ұйымдастырылды. Мерекенің ашылу салтанатында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Айдар Есенбеков мырза қала күнін жай думан ретінде ғана емес, салауатты өмір салтын насихаттау барысында түрлі спорттық ойындарға ден қойылғанын айтып, барша жастарды осыған ат салысуға шақырды. Ал Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев:

Еліміздегі ең көп жоғары, орта арнаулы оқу орындар Алматы қаласында шоғырланған. Яғни атамекеніміздің түкпір-түкпірінен жастар осы қалаға келіп, мәдениеттің, өркениеттің не екеніне бой түзеуі тиіс. Осыған қаламыздың әрбір тұрғыны өнеге, үлгі болуға мүдделі. Бұл Алматының елімізге ғана емес, әлемде қазақ өркениетінің өзіндік орын алуына ықпал етері сөзсіз, — деп жастарға ой тастады.

Апорт алманың астанасы атанған қала мерекесінде 1 тоннадан артық алма, су тегін таратылды. «Нұр-Мүбаракта жастар, студенттер, мешіт жамағаты көп  болғандықтан студенттердің осындай мерекеден үлесі болса деген ниет», – дейді мерекені ұйымдастырушы «Олимп» спорттық-сауықтыру орталығының өкілдері. Спорттық жарыстар өтіп жатқанда сахнада өнер жұлдыздары ән-жырдан шашу шашып, мерекені аша түсті. Жеңімпаздарға түрлі бағалы сыйлықтар, қатысушыларға спорттық жеңіл жейделер, қалпақтар үлестірілді.

Алматы қаласы әкімдігінің «Асыл мұра» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған бұл шара осыған дейін Ораза, Құрбан айт кезінде де қала тұрғындарын шаттыққа кенелткен. Енді ертеңнен бастап Алматы мешіттері жамағаттары арасында футболдан турнир басталмақ, бір айға созылатын жарыс соңында жеңімпаз командалар үшін 1 млн теңге сыйақы тағайындалыпты. Осылайша салауатты өмір салтын насихаттаған мерекелер жүйелі түрде  алматылықтарды қуанышқа бөлеуде.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары