
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, облысына қарасты мешіттер «Мектепке жол» науқаны аясында 720 жуық балаға оқу құралдары мен мектеп сөмкелері таратылған болатын.
Алла үйінен көмек сұрап келушілердің санының көптігін ескеріп өкіл имам Смайыл Сейтбеков демеушілердің көмегімен аз қамтылған отбасылар, жалғыз басты аналар, көп балалы аналардың мектеп жасындағы 75 балаға мектеп формасын табыс етті.
Игі шараға қатысқан ата-аналар әрқашан жақсылықтың жаршысы болып жүрген мешіт қызметкерлірмен ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.
Пікірлер