Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БАС МҮФТИ I ДӘРЕЖЕЛІ "ЫНТЫМАҚ" МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ (ФОТО)
14 қыркүйек, 2018 жыл 109 Басып шығару нұсқасы

Кеше Бішкекте өткен "Рухани Жібек жолы" атты халықаралық діни-ғылыми конференцияда Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфти Мақсатбек қажы Тоқтамысов Бас мүфти Серікбай қажы Оразды І дәрежелі "Ынтымақ" медалімен марапаттады.


"Ислам жолындағы көпжылдық ерен еңбегі, Орталық Азияда дәстүрлі Ислам принциптерін насихаттауға қосқан сүбелі үлесі мен ортақ рухани мәдениетіміз бен салтымыздың бай мұраларын, адамгершілік құндылықтарын қайта жаңғыртуға белсене араласқаны үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ораз Серікбай қажы Сатыбалдыұлы І дәрежелі "Ынтымақ" медалімен марапатталады", - делінген куәлікте.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары