Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БАС МҮФТИ "РУХАНИ ЖІБЕК ЖОЛЫ" ЖОБАСЫН АСТАНАДА ӨТКІЗУДІ ҰСЫНДЫ (ФОТО)
14 қыркүйек, 2018 жыл 124 Басып шығару нұсқасы

Қырғызстан астанасы Бішкекте "Рухани жібек жолы. Ұлы гуманистік салттар мен қазіргі сын-қатерлер" атты халықаралық діни-ғылыми, тəжірибелік конференция өтті.
Халықаралық діни-ғылыми басқосуға Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы Равиль Гайнутдин, Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Османхан қажы Алимов, Тәжікстан Республикасының Ғұламалар кеңесінің төрағасы, мүфти Саидмукаррам Абдукодирзода, Қырғызстан Республикасы мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфти  Мақсатбек қажы Тоқтомушев, т.б. мемлекеттік мекемелердің басшылары мен сарапшы ғалымдар, дін қызметкерлері қатысты.

Пленарлық отырыста сөз алған Серікбай қажы Сатыбалдыұлы "Рухани Жібек жолы. Ұлы гуманистік салттар мен қазіргі сын-қатерлер» атты халықаралық конференцияның кезекті басқосуын Астанада өткізуді ұсынды.

Бұл ұсыныс бойынша қосымша келіссөздер жүргізілуде.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары