
Маңғыстау облысы мешіттері қайырымдылық шараларын жоғары деңгейде ұйымдастырып келеді. Облыс, қала, ауылдық мешіттер әлуметтік аз қамтылған отбасыларға қайрымдылық шараларын өткізуде.
Мұнайлы ауданына қарасты «Миғраж» мешіті, «Үммет жастары» қоғамдық-қайырымдылық бірлестігі "Баспана - бақыт шамы" жобасы аясында екінші үйдің құрылыс жұмыстарын толықтай аяқталды. Екінші баспана жалғызбасты ана Мухаммедова Айсұлуға бұйырды. Игі шараға ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы Смайл Сейтбеков арнайы келіп, жаңа баспана кілтін үй иесіне табыстады.
Пікірлер