Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қызылорда: «ТӘРБИЕ. БІЛІМ. ЖАСТАР» тақырыбында еркін кездесу өтті
13 қыркүйек, 2018 жыл 135 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханада бірқатар белсенді  жастармен еркін форматтағы кездесу өтті.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Жастар ісі» секторы мен «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының бірлесуімен ұйымдастырылған шарада ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі өкілі Болатбек Ұласқанұлы, теологтар Б.Убаев, Б.Оспанов, «Жас Отан» ЖҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының  төрағасы Т.Тілес қонақ болып, жастармен сұхбаттасты.

«Тәрбие. Білім. Жастар» тақырыбында өткізілген кездесуде қонақтар еліміздің ертеңгі болашағы - жастар екенін жеткізе отырып, рухани кемелденген, ғылым мен жаңа технологияны еркін игерген, бәсекеге қабілетті  тұлғаға айналу үшін ерінбей еңбек етіп, уақыт пен денсаулықтың қадірін біліп, рухани тәрбиені бойға сіңіру керектігін түсіндірді.

Кездесуден кейін өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы әмбебап кітапханада, жастарды кітап оқуға баулу мақсатында ашылған «Book Cafе»,  «Coworking», «IT Park» секілді жаңа орталық жұмыстарымен танысып, аталмыш орталықтардың жастармен тығыз байланыс орнатуда тиімді жақтары көп екенін жеткізді. Сонымен қатар, алдағы уақытта ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Жастар ісі» секторы мен «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының бірлесуімен шаралар өткізілу жоспарланды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары