Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданына бас имам тағайындалды (ФОТО)
13 қыркүйек, 2018 жыл 243 Басып шығару нұсқасы

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің бұйрығымен Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің Еңбекші  аудандық орталық «Әл-Біләл» мешітіне жаңа бас имам тағайындалды.

Таныстыру рәсіміне Шымкент қаласы бойынша өкіл имам орынбасары Ахметжан Керімбек қатысып, жамағатқа жаңа аудан бас имамын таныстырды. Сондай-ақ, мешіттің бұрынғы имамы Темур Аманқұловқа осы уақытқа дейін атқарған жұмыстарын айтып, алғыс білдірілді.

Туленов Дәулет Дүйсенбайұлы

Діни білімі:

Туленов Дәулет Шымкент қаласындағы халықаралық Қазақ-Араб» университетінің «Тарих және философия» факультетін бітіріп, 2006 жылы Египет Араб Республикасы, Каир қаласында «Әл-Әзһар» университетіне тапсырып «Иғдади, Санауийді» бөлімдерін тәмәмдап, аталмыш университеттің «Дін негіздері» факультетінде 2 жыл ілім алды.

Еңбек өтілі:

2010- 2011 ж.ж аралығында Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы елшілігінде  кеңесшінің, консулдың көмекші аудармашы және комендант қызметін атқарды (штаттан тыс).

2011-2013 ж.ж аралығында Каир қаласында «Әл-Әзһар» университетінде оқитын Қазақстандық студенттердің арасында елшілік тарапынан староста болған.

24.11.2013 жылы Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінде наиб имам және ұстаз қызметін атқарды. 

2014-2015 ж.ж аралығында «Нұрлы білім» қоғамдық бірлестігінің теолог маманы болып қызмет атқарды.

01.09.2015-11.02.2016ж.ж «Жезқазған қаласы ішкі саясат бөлімінің конфессияаралық қатынастардың мәселелерін зерттеу және сараптау орталығында» теолог маманы қызметін атқарды.

11.03.2016-25.10.2017 ж.ж ОҚО Шымкент қалалық «А.Қаттани» мешітінде және «Шымкент» медресе колледжінде ұстаз қызметін атқарды.

25.10.2017 жылдан бастап ОҚО Шымкент қаласы «Сейткәрім Қажы» мешітінде наиб имам, 16.03.2018 жылы Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, «Сейткәрім Қажы» мешітіне бас имам қыметтерін атқарды.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары