Еліміздің Бас мүфтиі Серікбай қажы Ораздың биылғы жылды «Ислам және отбасы жылы» деп жариялағаны белгілі.
Осыған орай, Орал қаласындағы «Тәжиден Батырұлы» мешітінің жамағатына дастархан жайылып, уағыз-насихат айтылды.
«Ислам және отбасы» тақырыбында өткен бұл шарада ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов отбасы құндылықтары мәселелері төңірегінде насихат айтса, «Тәжиден Батырұлы» мешітінің бас имамы Мейрамбек Абдрахманов «Бауырмалдық» жайында сөз қозғады. Аталмыш мешіттің наиб имамы Махамбет Мұханғалиев «Мешіт және жамағат» турасында ғибратты әңгімесімен бөлісті.
Үрдіске айналған бұл шарада екі жүзден астам мешіт жамағаты бас қосты. Кездесу соңы сұрақ-жауапқа ұласты.
Пікірлер