Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ҚМДБ МЕН «ХАРЕКЕТ» ҚОРЫ ОРТАҚ МЕМОРАНДУМ ҚАБЫЛДАДЫ (ФОТО)
12 қыркүйек, 2018 жыл 152 Басып шығару нұсқасы

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен ««Харекет» қайырымдылық қоры» арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум қабылданды.

Меморандумға қол қою рәсіміне ҚМДБ тарапынан наиб мүфти Алау Әділбай, қор атынан директор Алғадай Әбілғазыұлы қатысты.

ҚМДБ төраға орынбасары Алау Шайқымұлы өзара ықпалдастықты арттыруды көздейтін меморандум дәстүрлі рухани адамгершілік пен діни құндылықтарды дамытуға, бейбітшілікті, қоғамдағы достық пен келісімді нығайтуға, тұрақтылықты қолдауға, радикализм мен діни экстремизмнің алдын алуға қызмет ететінін атап өтті.

Тараптар төмендегі бағыттар бойынша бірлесе қызмет етпек:

- жастардың білімін арттыру, ғылымды, мәдениетті, дінді өркендету;

- қоғамның, оның ішінде жастардың діни сауаттылығын арттыру, радикализм, діни экстремизм мен терроризмді алдын алу;

- халық арасында ақпараттық-ағарту жұмысын күшейту, қоғамдағы тұрақтылықты, этносаралық және дінаралық келісімді сақтау, азаматтардың деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитетін қалыптастыру;

- деструктивті діни ағымдардың әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарға психологиялық, құқықтық көмек көрсету және әлеуметтік оңалту;

- оқу курстарын, тренингтер, семинарлар мен басқа да форумдар ұйымдастыру;

- отбасы мен қоғамның адамгершілік, моральдық негіздерін сақтау, дәстүрлі Ислам құндылықтарын және ата-бабаларымыздың рухани мұрасын нығайту;

- жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, т.б.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары