Жақында Татарстан президенті Рустам Минниханов Орал қаласындағы ресми іс-сапары аясында қалалық «Мұхаммед-Ғариф Түлбаев» мешітін зиярат етті.
Орал қаласындағы көне мешіттердің бірі «Мұхаммед-Ғариф Түлбаев» мешітіне ат басын тіреген Татарстан басшысы қасиетті Кұран кәрім оқытып, ел игілігі мен бірлігі үшін дұға жасап, құлшылық ордасымен танысып, мешіт имамдарымен жүздесті.
Қадірлі қонағымызды күтіп алу рәсіміне ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов қатысып, өз құрметін білдірді.
Қазақ халқының қонақжай пейіліне ризалығын жеткізген Рустам Минниханов қалалық «Мұхаммед-Ғариф Түлбаев» мешітіне арнайы әкелген Құран кітабын тарту етті. Татарстан президенті күллі қазақ еліне өз алғысын жеткізді.
Пікірлер