Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Telegram мессенджері қазақтілді пайдаланушыларға қолжетімді болды
11 қыркүйек, 2018 жыл 137 Басып шығару нұсқасы

"Телеграм" енді қазақ тілінде сөйлейді! Ресейлік ЖОО түлегі 24 жастағы қазақстандық Тимур Бехер өз серіктерімен бірге аталған мобильді қосымшаның интерфейсін қазақтілді қолданушыларға ыңғайлап жасап шықты, деп хабарлайды BNews.kz.

Бұған дейін мобильді қосымша интерфейсінің 13 тілді нұсқасы бар болатын. Олардың қатарында тек екеуі ғана посткеңестік елдерге тиесілі, яғни орыс және украин тілдері. Ал, қазақтілді ортаның Телеграмды еш кедергісіз қолдануы үшін интерфейсті қазақшалау керек еді. Мұндай қадамға әлемнің өзге елдері де барғанын айта кету керек, олар танымал мессенджердің тілін өздеріне ыңғайлап алған.

"Қазақстандықтар үшін өте қолайлы мобильді қосымшаның қазақтілді интерфейсінің болмауы мен үшін түсініксіз жайт. Елімізде қазақ тілін дамытуға көптеген жұмыс атқарылып жатыр, сондықтан біз Телеграмды қазақшалауды жөн деп таптық", - дейді Тимур Бехер.

Телеграм қолданушылары өз мессенджеріне қазақша интерфейс орнату үшін файлды @QazTransBot ботынан жүктеп алып, нұсқаулық бойынша орнатып алуы тиіс. Қазақтілді нұсқа iOS және Android платформаларында қолжетімді.

Жоба авторының айтуынша, қазақша Телеграмда қателіктер болуы мүмкін. Сондықтан, қолданушылар тарапынан ескертулер мен ұсыныстар болған жағдайда скрин-көшірмені @qz_gram дайректіне жолдай алады.

Telegram-region мәліметінше, Телеграм мессенджері Қазақстанда ең көп жүктелген мобильді қосымшалардың бірі. Әр күн сайын аталған мессенджер қолданушыларының саны жарты миллион адамға артып отырады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары