
Талас ауданының әкімі Әлиев Досмаханбет Қасымұлы Жамбыл облысының өкілі, «Һибатулла Тарази» орталық мешітінің Бас имамы Жұмабаев Данияр Әлимұхамедұлын қоғамдық іс-шараларға, ауылдық жерлерде еңбекке атсалысып, мешіттерде қайырымдылық шаралар ұйымдастырып, мұқтаж жандарға қолдау көрсеткені үшін «Ауыл еңбегі үшін» медалімен марапаттады.
Шараға аудандық мәслихат хатшысы Төлепбаев Архабек, аудаудық Қоғамдық кеңестің төрағасы Әсемов Жұмабек, Талас ауданының бас имамы Әлиев Нұрсұлтан, «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Жапек Ғалымбек қатысты.
Талас ауданының әкімі Алиев Досмаханбет Бас имамға медаль табыс етіп:
Мешіт ұжымы үлкен–кішіге адамгершіліктің үнемі озық үлгісін көрсете білген адал басшы, жаны жайсаң дін жанашыры Данияр Әлимұхамедұлын осындай жетістігімен құттықтай отырып, үнемі биік белестерден көрінуін тілейді.
Пікірлер