
Биылғы қажылық маусымында Қажылық миссиясы Ақпарат тарату тобы 30-дан астам жаңалық жариялады. «Асыл арна» телеарнасы, «КТК» арнасы арқылы тиісті мәліметтер мен түсініктемелер берілді. Тікелей эфир қосындары жүзеге асты. Қажылық маусымы кезінде күн сайынғы жаңалықтар мүфтият сайттарында, республикалық басылым беттерінде жарық көрді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы отандық телеарналарға дер кезінде қажетті мәліметтер мен ақпараттарды жеткізіп отырды.
Пікірлер