
Бүгін, Алматы қаласы Наурызбай ауданы Әбу Бәкір мешітінде Алматы Орталық мешітінің бас имамы Еркінбек қари Керімбекұлының қатысуымен кезекті көшпелі жиналыс болып өтті. Бұл басқосуға Наурызбай ауданы мешіттерің бас имамдары, наиб имамдары, іс жүргізушілері және азаншылары қатысты.
Жиналыста үстіміздегі жылда ҚМДБ және Алматы Орталық мешіті тарапынан берілген тапсырмалардың орындалу барысына талдау жасалып, дін қызметкері мен жамағаттың арақатынасы, мешіттің тыныс-тіршілігі мен ішкі-сыртқы тәртіптері сынды мәселелер талқыланды.
Бас имам:
Жиында Наурызбай ауданы, Әбу Бәкір мешітің бас имамы Ахметов Мади, Қарағайлы мешітінің наиб имамы Серік Мағаз, Орталық мешіттің бас ұстазы Талғат Сапанов сөз алып аудан мешіттерінің атқарған жұмыстарын сараптап өтті. Бас имам аудан мешіттерінің жұмысына оң баға беріп, кейбір олқылықтар мен кемшіліктерге тиісті сын-ескертпелерін айтты.
Пікірлер