Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БАС МҮФТИ АСТАНАДА СЕНАТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)
05 қыркүйек, 2018 жыл 108 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Парламент Сенатының депутаттары – Асқар Бейсенбаев пен Әли Бектаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астанадағы Бас кеңсесінде болды.

Депутаттар Бас мүфти Серікбай қажы Оразбен бүгінгі ұрпақ тәрбиесі, отбасындағы ананың рөлі, жастардың ар-намысын ояту, жаназа, құдайы ас рәсімдерінде ысырапқа жол бермеу, имамдарды әлеуметтік қолдау, жас мамандарды оқыту, т.б. мәселелер төңірегінде пікір алысты.

«Қоғамды жақсылықа үндеп, халықты бірлік пен игілікке ұйыту – әр салада әртүрлі қызметте жүрген азаматтардың ортақ мүддесі. Бәріміздің мүддеміз бір болған соң бір-біріміздің бастамамызды қолдап, ықпалдасып, ынтымақтасып ел игілігіне қызмет етсек болашағымыз бұдан да баянды болатынына сенімдемін. Сіздердің де қоғамда алар орындарыңыз үлкен», – деп атап өтті Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

Өз кезегінде сөз алған Асқар Бейсенбаев пен Әли Бектаев жаназа, құдайы ас, жаназа рәсімінде ысырапқа жол бермеу туралы мүфтияттың үндеуін қолдайтынын мәлімдеді.

Кездесу соңында Бас мүфти мәртебелі меймандарға «Ұлы дала төсіндегі Ислам» кітабын сыйға тартты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары