Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Астанада Ауғанстан әйелдерінің құқығын кеңейту жөнінде өңірлік конференция өтеді
05 қыркүйек, 2018 жыл 126 Басып шығару нұсқасы

Бүгін елордада «Ауғанстанда әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» өңірлік конференциясы өтеді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараны өткізу бастамасы жаһандық деңгейде гендерлік теңдік қағидаттарын ілгерілету шеңберінде көтерілді. Ауғанстан, Армения, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Еуропалық Одақ, Қытай, Ресей, Үндістан, АҚШ мемлекеттерінен және БҰҰ-дан жоғары деңгейдегі делегациялар қатысады.

Конференция Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде мүше болуы кезеңінде өтеді. Оның шеңберінде Ауғанстан проблематикасына ерекше назар аударылады. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде төрағалық ету барысында, ағымдағы жылдың қаңтарында Қауіпсіздік кеңесі мүшелерінің сегіз жыл ішінде алғаш рет Ауғанстанға іс-сапары ұйымдастырылып, тиісті резолюция қабылданды.

Ауғанстанға халықаралық назарды ескере отыра, Қазақстан ұзақ мерзімді бейбітшілікке және осы елдегі тұрақты дамуға қол жеткізу мақсатында, халықаралық хабардарлықты арттыруға және Ауғанстан әйелдері мен қыздарының нақты қажеттіліктерін қолдауға, олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілетуге және кеңейтуге талпынуда.

Қазақстан атынан конференцияға Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова, Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева, Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, Үкімет мүшелері және Парламент депутаттары қатысады.

Шетелдік қонақтар арасында – Арменияның Бірінші ханымы Нуне Саркисян, Қырғызстанның вице-премьер-министрі Алтынай Омурбекова, Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары Танзила Нарбаева, Өзбекстан Олий Мәжіліс Сенаты Төрағасының орынбасары Светлана Артикова, Өзбекстанның Мектепке дейінгі білім беру министрі Агрепина Шин, Әзербайжанның еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Сахил Бабаев, Ауғанстанның әйелдер істері жөніндегі министрі Дильбар Назари, Ауғанстанның мәдениет және ақпарат министрі Хасин Сафи, Ресейдегі адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкілі Татьяна Москалькова, БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі, БҰҰ-ның Орталық Азия үшін превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталығының басшысы Наталья Герман, АҚШ Мемлекеттік хатшысының стратегиялық және кризистік коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісінің орынбасары Эдриэнн Росс және басқа елдерден делегацияларбар. Йемендік құқық қорғаушысы, журналист және саясаткер, Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығын алған тұңғыш араб әйелі Тавакуль Карман сөз сөйлейді.

Конференция шеңберінде Ауғанстан әйелдерінің бизнес, білім беру және цифрлық технологияларға қол жеткізуі саласында құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталатын қорытынды құжатты қабылдау жоспарлануда.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары