
Бір күн ұрыс болған үйде қырық күн береке болмайды. Түркістан облыстық кәсіподақтар ұйымында татуластыру орталығы ашылды.
Бұл соттың жұмысын жеңілдетіп, ренжіскендерді ретін тауып татуластыратын жоба. Жаңа орталық азаматтар үшін медиатордың, адвокаттың, сот атқарушысының, нотариустың, психологтың қызметі бір арнаға тоғысқан бірыңғай алаң. Еңбек жан-жалдарын белсенді шешуге ыңғайлы орында білікті медиаторлар қызмет көрсетеді. Әрі еңбек және өзге де дауларды бітімгершілік жолымен шешуге септігін тигізбек. Орталық елімізде медиация туралы Заңның үстемдігін арттыру мақсатында қолға алынып отыр. Айталық, биылғы жарты-жылдықта Шымкентте 442 азаматтық іс қаралып, соның тең жартысы медиация көмегімен сотқа жетпей шешілген.
Берік Бекжанов, облыстық кәсіподақтар ұйымының төрағасы:
Пікірлер