
16 жастағы алматылық өнертапқыш көзі нашар көретін жандарға арнап қосымша ойлап тапқан
Енді көзі нашар көретін жандар кез келген мәтінді оңай оқи алады. Назарбаев зияткерлік мектебінде оқитын Любовь Дудченко арнайы қосымша ойлап тапты.
16 жастағы өнертапқыштың жобасы Қытайда жасөспірімдер арасында өткен ғылыми-техникалық байқауда жүлделі орынға ие болды.
Оның көмегімен кез келген терілген мәтін дыбыстық жазбаға немесе брайль таңбасына ауысады. Әлемде мұндай бағдарламалар бар. Алайда Любаның жобасы пайдалану қарапайымдылығымен ерекше. Сондықтан оны шетелде жоғары бағалаған, деп хабарлайды 24.kz.
Дәнекерлеуші аспап пен мультиөлшегіш – робот жасаудағы негізгі құралдар. Олармен жұмыс істеуді меңгерген жасөспірім құрылғының техникалық бөлігіне жауапты. Ал жобаны таныстыру – Селимжан Чалышканның міндеті.
Болашақты бүгіннен бастап жоспарлау керек деп санайтын Любовь Дудченконың инновациялық қоржынында ондаған идея мен дайын жобалар бар.
Қазір ол телефонға арналған жаңа қосымша жасаумен айналысып жүр.
Пікірлер