
Отандық аяқкиім өндірісіне тағы бір кәсіпкер қосылды, деп хабарлайды kapital.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
Жас кәсіпкер Дастан Махамбетов досымен және бауырымен бірлесіп бірнеше жыл бұрын Z-shoes компаниясын құрған болатын. Қазірде Астана маңында орналасқан фабрикада күніне әйел және ер азаматтарға арналған 800 жұп аяқкиім тігілуде.
Өндірістің бір ерекшелігі халал технологиясын қолдануында. Дастан Махамбетовтың айтуынша, олар кәсіптерін Ислам дінінің ұстанымдарына сай жүргізуде. Яғни өндірісте доңыздың, иттің, жыланның, кесірткелердің және басқа да бауырымен жорғалаушылардың терісін қолданбайды. Тек бұзау, ешкі және қой терісі қолданылады. Компанияның тағы бір ерекшелігі – тұтынушыларға тікелей шығуында, яғни ортада делдалдардың болмауы өнімді халыққа тиімді бағамен сатуға мүмкіндік беріп отыр. Ал, үшінші ерекшелігі – егер тұтынушының тауарға көңілі толмаса немесе өндірістік дефектілер болған жағдайда өнімді кері қайтарып, ақшасын алуға жағдай жасалғандығы.
Пікірлер