Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Ақтөбелік имам Журналистер Одағының мүшелігіне өтті
03 қыркүйек, 2018 жыл 226 Басып шығару нұсқасы

Ақтөбелік имам Нұрлыбек Сабырғалиев Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің Журналистер одағы мүшелігіне өтті. Оған жуырда бірлестіктің куәлігі табыс етілді.

Нұрлыбек Мұсағалиұлы бір жылға жуық уақыт Кеңес Нокин ауылындағы «Әл-Ләтиф» мешітінің бас имамы қызметін атқарды. Асыл дінге қызмет етуімен қатар оның қалам тербеуге жаны құмар. Орта білімді филолог маман оқу-білім саласында да тәжірибе алмасып көрді. Бірнеше жыл Мәртөктегі ауыл мектептерінің бірінде қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет етті. Одан қала берді діни және еркін тақырыптарда мақалалар жазып, журналистика саласында сыналып жүрген жас қалам иесі. Мақалалары республикалық «Айқын», «Табын»,  «Спорт», «Ислам және өркениет» секілді газеттерге тұрақты жарияланып келеді. Islam.kz сайтының блогері.

Имамдардың діни қызметтен бөлек ғылым-білім, заң секілді басқа да салада жан-жақты сауатты болуы үздік зияткер имамдарды қалыптастыратыны анық. Нұрлыбек Сабырғалиевті халықаралық бірлестік мүшелігіне өтуімен құттықтай отырып, қаламы қарымды, жазары көп болсын деген тілегімізді жеткіземіз.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары