Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Нұр-Мүбаракта жаңа оқу жылы жаңа серпінмен басталды
03 қыркүйек, 2018 жыл 203 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің басшылығы шәкірттер мен ұстаздарды Білім күнімен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Проректор, профессор Шамшәдин Керім:

"Биылғы түскен шәкірттерге ең басты мәселе тәртіп пен білім екенін арнайы ескертеміз. Егер ақылы бөлімде оқып жатсаңыз, білім грантын иелену үшін осы екі талап: білім мен тәртіп арқылы қол жеткізе аласыз. Сол сияқты мемлекеттік білім грантының иегері екі жақты кемшін түсіп жатса, онда озық шәкірттерге орын беруіне тура келеді. Сондай-ақ, министрлік тарапынан бөлінген мемлекеттік гранттан өзге, шәкірттерге облыс әкімдерінің гранттары тұрақты қолдау көрсетуде. Сондықтан жаңа оқу жылы алдында шәкірттерге де, ұстаздарға да тек сәттілік тілейміз!"-деді.

Ал ректор кеңесшісі хазірет Ержан қажы Малғажыұлы шәкірттерге білім алудың артықшылығы мен ғалымдардың тиімді тәсілдері жайлы да насихат айтып өтті. Мысырлық араб ұстаздардың атынан сөз сөйлеген ғылым докторы Мұхаммед Хаттаб: «Шынайы білім иесі болғыңыз келсе, ұйқыны азайтып, білімге көңіл бөліңіз, жаттағыңыз келгенді жаза баріңіз,-деп ғұлама ғалымдардың тәжірибесіне де тоқталып өтті.

Жаңа оқу жылына сәттілік тілеген басшылардан кейін Оқу, Тәрбие бөлімдерінің басшылары жаңа шәкірттерге  университет тәртібімен таныстырды. Талаптар мен қажеттіліктерге тоқталды. Ең әуелі тәртіп пен білімге деген талпыныс екенін тағы да шегелеп өтті. 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары