Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Ақтөбедегі «Адал» кафесі халал сертификаттаудан өтті
31 тамыз, 2018 жыл 166 Басып шығару нұсқасы

Ақтөбе облысында ҚМДБ-ның халал сертификатын алған мекемелер қатары толығып келеді. Жуырда өкіл имам Төлеби Оспан қаладағы «Адал» кафесіне ҚМДБ-ның Халал сертификатын табыс етті.

ҚМДБ-ның «Халал» өнімдерін стандарттау бөлімінің облыстағы жауапты өкілі Нұрлыбек Такеев кафе басшылығымен кездесті. Кафенің тұтынушыларға ұсынатын тағам қоспалары, қызметі тексерістен өтті. Нәтижесі барлығының халал стандарты талаптарына сай келетіндігін көрсетті.  

Сертификаттың жарамдылық мерзімі – 1 жыл. Кафе қызметі мен өнімдері белгілі мерзім сайын тексерістен өтіп отырады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары