
Бас Мүфтидің бұйрығымен Кеңес Нокин ауылдық округіндегі «Әл-Ләтиф» мешітіне жаңа Бас имам тағайындалды.
Кеше жұмада өкіл имам Төлеби Оспан жаңа имам Жасжан Теберековті жамағатқа таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі. Ол бұған дейін Қобда ауданындағы Әлия ауылдық «Рахман» мешітінің бас имамы болып қызмет еткен болатын.
Өкіл имам тақырыпқа сай жұма уағызын жүргізіп, жамағат екі бас жұма намазын оқыды. Жасы үлкен ақсақалдар да жаңа имамның қызметіне Алла жар болсын дей отырып, жергілікті жамағат тарапынан қолдау көрсетуге әзір екендіктерін жеткізді.
Пікірлер