
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, ҚазҰУ-дың «Әл-Фараби» кітаханасында, «Қазіргі Қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық келісім моделі» атты тақырыпта Алматы қалалық ғылыми-әдістемелік конференция болып өтті.
Бұл басқосуға қазақстандық белді дінтанушы ғалымдар мен студенттер, Алматы қалалық өзге дін өкілдері және Алматы Орталық мешітінің Бас имамы Еркінбек қари Керімбекұлы қатысты. Олар тақырыпқа сай өз ойларын білдіріп, баяндамалар оқыды. Сонымен қатар, қазіргі Қазақстандағы этносаралық, конфессияаралық, дінаралық дүрдараздықтың алдын алу мен өзара келісімге келудің жолдары айтылып, күрмеулі мәселелер ортаға тасталды. Әрі конференция барысанда біршама мәселелер өз шешімін тапты.
Конференция барысында сөз алған Алматы Орталық мешітінің Бас имамы «Исламдағы дінаралық келісімнің орны» атты тақырыпта баяндама жасады. Ол өз сөзінде:
Әрі мұндай басқосулардың елдің ынтымағы мен бірлігін сақтауға жасалған сәтті қадамдардан екенін тілге тиек етті.
Пікірлер