Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
«Орал» медресесі шәкірттер қабылдады
02 қыркүйек, 2018 жыл 199 Басып шығару нұсқасы

Батыс Қазақстан облысындағы ҚМДБ-ның қарасты «Орал» медресесіне 2018-2019 оқу жылына жаңадан шәкірт қабылдау емтиханы болды.

Аталмыш медресеге оқуға түсуге биылғы жылы барлығы 20  талапкер өтініш беріп, құжаттарын тапсырған. Олардың 15-і Батыс Қазақстан облысынан, 2-і  Атырау облысынан, 3-і Атырау облысынан.

Емтихан қабылдауға  ҚМДБ-ның діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісінің міндетін атқарушы Марат Жаппасбаев, облыстық орталық мешітінің бас имамы, «Орал» медресесінің директоры Еркебұлан Қарақұлов, аталмыш медресесінің оқу-ісі жөніндегі директордың орынбасары Бахрам Рахманов пен ұстаз Асылбек Наурызов қатысты.

Алдымен діни білім ордасының басшысы Ербұлан Ыбырайымұлы сөз алып, арнайы Астана қаласынан келген ҚМДБ-ның діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісінің міндетін атқарушы Марат Абдуллаұлын таныстырып, сөз тізгінің ұсынды.

Келген қабылдау комиссиясы үміткерлерді  тест жүйесі бойынша Қазақстан тарихы, қазақ тілі пәндерінен тапсырса, ал арнайы  пәндерден үміткерлер арасына  сұхбат емтиханнан  өткізді. Емтихан нәтижесі бойынша он тоғыз үміткерлер медресеге оқуға қабылданды.

«Орал» медресесі ер балаларды имам хатиб мамандығы бойынша  жаңа оқу жылына қабылдады.  Медреседе барлық жағдай жасалған, компьютер сыныбымен  жабдықталған. Жатақханасы бар. Оқу бағдарламасына діни пәндермен қатар гуманитарлық сабақтар да енгізілген. Шәкірттерге сапалы білім беретін ұстаздар мен тәрбиешілер қызмет атқарады. Медресе асханасында күніне үш мезгіл ыстық тамақ беріледі.

Алла Тағала ұрпақтарымызды байлық жинап жарысуда емес, ілім алуда жарысуын нәсіп еткей!

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары