Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ШЫМКЕНТ: БАС МҮФТИ БІР ТОП ЖАМАҒАТТЫ ҚАБЫЛДАДЫ (ФОТО)
01 қыркүйек, 2018 жыл 102 Басып шығару нұсқасы

Бүгін, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазрет Шымкент қаласының бас мешітінде бірқатар қала тұрғындары мен жамағатын жеке қабылдады.

Қабылдауға жазылған мешіт жамағаты мен қала тұрғындарының асыл дінімізді өркендетуге бағытталған түрлі ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Жалпы, кездесу кезінде өңіріндегі діни қызметтің сапасын арттыру, дін мен дәстүр сабақтастығы, дін және отбасы мәселелері, жергілікті мешіттерді діни кадрлармен қамтамасыз ету және ақпараттық түсіндіру жұмыстарын қарқынды түрде жүргізу, діни сауат ашу курстары, мешіт-медреселердің әлеуметтік жағдайы т.б. мәселелер айтылды.

Бас мүфти айтылған ұсыныс-тілектерді тыңдап, Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Қыдырбайұлына арнайы кешінді жоспар әзірлеп, жуық арада жүзеге асыруды тапсырды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары