Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ҚЫЗЫЛОРДА: «МЕКТЕП СӨМКЕСІ 2018» 200 БАЛАҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ
30 тамыз, 2018 жыл 217 Басып шығару нұсқасы

 

Бүгін Қызылорда облысытық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі мен «Уақып» Қазақстандық қоры» корпоративтік қайырымдылық қорының бірлесуімен «Мектеп сөмкесі 2018» республикалық акциясы болып өтті.

Республикалық деңгейде жүзеге асырылып жатқан қайырымдылық шарасының басты мақсаты: еліміздің барлық аймақтарындағы көп балалы және әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасы балаларын жаңа оқу жылына дайындауда көмек көрсетіп, білімге деген құштарлықтарын арттыру.

Игі шараға өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы және облыстық соттар әкімшісінің басшысы А.Жумамуратов, облыстық судьялар одағының төрағасы С.Абдиканов қатысып, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған және көп балалы отбасыдан шыққан 100 балаға мектеп сөмкесін үлестірді.

Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет қорының» Қызылорда облысы бойынша өкілдігі  де аталмыш акция аясында қосымша 100 балаға мектеп сөмкесін тарту етті.

Шарапаты мол сауапты шара - мүмкіндіктері шектеулі екеніне қарамастан, білім алуға деген құштарлықтары жанарларында жарқырап тұрған, балғын балақайлардың жүздеріне күлкі, көңілдеріне сенім ұялатып, ертеңгі күндеріне деген үміт сыйлады.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары