
«Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры «Мектепке жол» республикалық акциясына үлес қосуда. Қор атынан биыл ақтөбелік 100 оқушыға жәрдем берілді. Олар мектеп портфелі және оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.
Құрбан айт мерекесіне орайластыра өткен шараға қор президенті Қайрат Айтбай, өңір басшысы Бердібек Мәшбекұлы және өкіл имам Төлеби Оспан арнайы қатысқан болатын. Ел ағалары оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, ілімде үйренуде ізденімпаз және ықыласты болуларына тілектестігін жеткізді. Қордың ұйымдастыруымен мұндай шаралар өзге өңірлерде жүзеге асырылуда.
Естеріңізге сала кетейік, «Уақып» қоры бүгінде 26 ақтөбелік имамды қайырымдылық көмекпен қамтамасыз етіп отыр. Елбасы бастамасымен құрылған қор мұнан да өзге ауқымды шараларды жоспарлауда. Соның бірі, Ақтөбеде діни қызметкерлерге арналған әлеуметтік баспана салу жобасы. Қор ұжымына шексіз алғысымызды жеткізе отырып, алдағы бастамаларына сәттілік тілейміз.
Пікірлер