Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
АТАЗАҢ - БЕЙБІТШІЛІКТІҢ БЕРІК КЕПІЛІ
30 тамыз, 2018 жыл 169 Басып шығару нұсқасы
Серікбай қажы ОРАЗ,
 
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти
 
Егемен еліміздің ширек ғасырдан астам əрбір белесінде, жеткен жетістігінде Атазаңның алар орны айрықша. Байтақ даламызда береке мен бейбітшіліктің, татулық пен тұрақтылықтың орнығуы Конституциямыздың негізінде қалыптасқаны хақ. Бүгінде Атазаңымыз көк тудың төңірегіне топтасқан түрлі ұлттар мен ұлыстардың өзара достық пен мейірбандық қарым-қатынаста өмір сүруінің берік кепіліне, алтын арқауына айналды.
 
Алла Тағала қасиетті Құранда адамзат баласына бірлік пен бейбітшілік жолын ұстанып, берекелі ғұмыр кешуді бұйырған. 
 
 
Конституция - адамдардың тілі мен дінін, ұлты мен ұлысын алаламай, бəріне бірдей тең құқық беретін басты құжат. Ендеше, Атазаңымызды ардақтап, оның талаптарын орындау - барша азаматтың асыл борышы, мызғымас міндеті.
 
Алла Тағала жұртымызға тыныштық, елімізге амандық берсін! Татулықты ту еткен халқымыздың берекесі тасып, ырысы молайсын. Ынтымаққа ұйысқан елімізде бейбітшілік мәңгі тұрақтасын деп тілейміз.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары