Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ҚАЖЫЛЫҚ МИССИЯСЫ ҚАСИЕТТІ ОРЫНДАРДЫ ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)
30 тамыз, 2018 жыл 182 Басып шығару нұсқасы
Қазақстан Қажылық миссиясының төрағасы Бауыржан Əбдірашұлы бастаған дін қызметкерлері Мəдина қаласында орналасқан əйгілі Құба мешітінде болды.
Құба – Ислам дініндегі ерекше мешіт. Ол Нұрлы Мəдинада тұрғызылған алғашқы Алла үйі. Құба мешітінің құрылысына пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) қолы тиген.
Алла Елшісі:
 
"Құба мешітіндегі намаз – ұмраға (кіші қажылыққа) тең», – деген.
 
Миссия мүшелері Құба мешітінен кейін Мəдинадан 180 шақырым қашықтықта жатқан Хайбар шайқасы болған орынды зиярат етті. ҚМДБ Шариғат жəне пəтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы шайқаста шейіт болған сахабалардың рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштады.
Хайбар шайқасы  хижраның жетінші ғасырында Мұхаррам айында болған.
Хайбар шайқасына қатысқан сахабалардың саны 1400, оның ішінде 200 адам атты әскерде болған. Сонымен қатар, бұл шайқасқа мұсылман ер кісілермен бірге бір топ сахаба әйелдер де қатысқан. Олар науқастарды емдеп, ас әзірлеген.


 
 
 
 
 
 
 
 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары