
Өңірдің бас мешітінде «Мектеп жол» 2 қайырымдылық акциясы өтті. ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігі «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорымен бірлесе жас бүлдіршіндерге тағы бір қуаныш сыйлады. Шараға қордың президенті Айтбай Қайрат Орынбайұлы мен Алматы облысы, Текелі қаласының әкімі Өнербаев Бахтияр Әлтайұлы арнайы келді. Түрлі мұқтаж мекемелердің, көпбалалы отбасылардың балаларымен тілдесіп, мектепке қажетті құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілген 100-ден аса сөмке мен балмұздақтар үлестірді. ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілі Ардақ Нүсіпханұлы Құран оқып, дұға жасады. Жалпы алғанда 500-ден аса балаға мектеп формасы киіндірілсе, 3000-нан астам балаға сөмке берілді.
Пікірлер