
Биылғы қажылық маусымында Қазақстан Қажылық миссиясының Уағыз-насихат тобы мүфтият бекіткен тақырыптар негізінде уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді.
Атап айтқанда, Мекке мен Мəдинадағы қонақүйлер мен Мина шатырында болған жерлестерімізге "Қажылық - теңдессіз құлшылық", "Арапа күнінің артықшылығы", "Дұға - мұсылманның қорғаны", "Уақыттың қадірі", "Қажылықтың рүкіндері мен шарттары", "Қабыл болған қажылықтың сыйы - жəннат", "Тауап жасаудың сауабы", т.б. тақырыптар бойынша уағыз айтылды. Қажылық миссиясының өкілі, Шығыс Қазақстан облысының бас имамы Ермек қажы Мұқатай насихат жұмыстарының есебін күн сайын қадағалап отырды. Жұмыс барысында дəстүрлі емес діни көзқарастағы тұлғалардың үгіт жасауына жол бермеу мəселесі жіті қадағаланды.
Уағызға қазақстандық 3000 қажы қатысты.
Насихат жұмыстарын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының имамдары жүргізді.
Пікірлер