Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ҚМДБ: 61 191 ОТБАСЫНА 439 ТОННА ҚҰРБАНДЫҚ ЕТІ ТАРАТЫЛДЫ (ФОТО)
29 тамыз, 2018 жыл 172 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораздың тапсырмасына орай дін қызметкерлері құрбан айт күндері (21-23 тамыз, 2018 жыл) еліміз бойынша 61 191 отбасына 439 тонна 950 келіге жуық құрбандық еті таратылды.

Мешіт тарапынан таратылған құрбандық еті қарттар, жетімдер үйлеріне, ауруханалар мен қоғамдық ұйымдарға, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына, көп  балалы жанұяларға, жергілікті əкімдік ұсынған тізім бойынша тұрмысы төмен жеке тұлғаларға үлестірілді. Сонымен қатар, бүлдіршіндер мен кəмелетке толмаған балаларға арнайы сыйлықтар берілді. "Құрбан айтта қуандыр" атты қайырымдылық акциясына еліміз бойынша 2 мыңнан астам мешіт үлес қосты. Мешіт жанындағы арнайы орындар мен жергілікті əкімдік белгілеген нысандарда құрбан шалынды.

Айта кетейік, биыл мұсылман қауымы құрбан айтты 21 тамыздан бастап тойлады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары